Павлодар маңындағы жантүршігерлік жол апаты: қаза тапқандар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар маңындағы жантүршігерлік жол апаты: қаза тапқандар бар Куәгерлер ұсынған сурет

Павлодар облысында тасжолда болған жантүршігерлік жол апатынан тоғыз адам зардап шекті, оның үшеуі оқиға орнында қаза тапты. Полиция жол-көлік оқиғасының себептері мен мән-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында тасжолда болған жантүршігерлік жол апатынан тоғыз адам зардап шекті, оның үшеуі оқиға орнында қаза тапты. Полиция жол-көлік оқиғасының себептері мен мән-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген фото мен видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрларда жеңіл көліктің өртеніп жатқаны, ал сәл әріректе түгі қалмаған тағы бір көлік тұрғаны көрінеді. Жарияланған суреттерден апат салдарынан трассада қозғалыс біраз уақытқа тоқтап қалғаны байқалады. Жеңіл және жүк көліктерінен кептеліс пайда болған.

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 5 шілдеде Павлодардан 37 шақырым жерде болған.

"Екі көлік соқтығысып, нәтижесінде үш адам қаза тапты. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", – деді департаменттің баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, апат салдарынан үш көліктің жолаушылары зардап шеккен.

"Үш автокөлік соқтығысып, екеуі өртеніп кеткен. Оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы мен апаттар медицинасы орталығының арнайы тобы барды. Үш адам оқиға орнында қаза тапты, алты адам жарақат алды, олардың ішінде 17 жастағы жасөспірім де бар", – деді басқармадағылар.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің екеуі қазір жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Тағы бір адам жақ-бет хирургиясы бөліміне түскен, қалғандары амбулаториялық емдеуге жіберілген.

Басқа зардап шеккендер облыстың медициналық мекемелеріне жатқызылды. Екі адамның жағдайы ауыр деп бағаланып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети