Павлодар облысында жоғалған 57 жастағы ер адам үш аптадан бері табылмай жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында жоғалған 57 жастағы ер адам үш аптадан бері табылмай жатыр instagram / poiskoviki_pavlodara_vita

Павлодар облысында құтқарушылар мен полицейлер иттер мен дронның көмегімен белгісіз жағдайда жоғалып кеткен Ақсудың тұрғынын үш аптадан аса уақыт бойы іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында құтқарушылар мен полицейлер иттер мен дронның көмегімен белгісіз жағдайда жоғалып кеткен Ақсудың тұрғынын үш аптадан аса уақыт бойы іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала төтенше жағдайлар бөлімі өкілдерінің айтуынша, 57 жастағы Сергей Мамзонов кейінгі рет 5 қарашада Еңбек ауылының маңында орналасқан жергілікті шаруашылықтардың бірінің алқаптарында байқалған.

"Сол күні кешке шамамен 19:00-де ол егіс алқаптарын күзетіп отырған жерден белгісіз бағытқа кетіп қалған. Сол уақыттан бері оның қай жерде екені беймәлім", – деп түсіндірді бөлім бастығы Сабитхан Мадеев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @112_aksu_tjb

Оның айтуынша, ер адамның жоғалғаны туралы хабар 28 қарашада полицейлер арқылы құтқарушыларға түскен, содан кейін олар бірден Еңбек ауылының маңындағы дала аймағында іздеу жұмыстарына кіріскен. Қазір олар жергілікті жерді бірлесе қарап жатыр.

Қол жетуі қиын әрі алыс аумақтар дрон арқылы тексеріліп жатыр. Бұдан бөлек, қызметтік иттермен бірге жұмыс істейтін кинологтар із кесіп, аумақтың ықтимал қауіпті және жасырын жерлерін тексеріп жүр.

Іздеу жұмыстарына шамамен елуге жуық адам қатысып жатыр, оның ішінде Павлодар облысы ТЖД-нің 28 қызметкері, сегіз техника, дрон және екі кинологиялық топ бар.

Павлодарлық "VITA" ерікті іздестіру жасағы да іздеп жүр. Олардың айтуынша, жоғалған азамат шаруашылық алқаптарында қарауыл болып жұмыс істеген.

"Бізге кейде түрлі адамдардан Серейді Ақсудың әртүрлі аудандарында көрдік деген хабарламалар түседі. Әрбір ақпаратты полиция қызметкерлерімен бірлесе тексереміз және оның тірі екеніне, жақын арада табылатынына үміттенеміз. Ол жоғалған аумақты және көршілес жерлерді тексеруді жалғастырып жатырмыз", – деді еріктілер.

Жоғалған ер адамның ерекше белгілері: бойы шамамен 170 сантиметр, орта денелі, көк көзді, қара шашты. Үстінде қара күртеше мен қара бас киім, хаки түсті шалбар және қара аяқ киім болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети