Павлодар облысында мемлекеттік тұрғын үй заңсыз бөлінген

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Павлодар облысында мемлекеттік тұрғын үйді бөлу кезінде бірқатар заңбұзушылықтар тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында мемлекеттік тұрғын үйді бөлу кезінде бірқатар заңбұзушылықтар тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Железин ауданының прокуратурасы мемлекеттік тұрғын үйді беру тәртібін өрескел бұзу фактілерін анықтаған.

"Атап айтқанда, пәтерлер тұрғын үй комиссиясының шешімінсіз және жалдау шартын жасаспай-ақ лауазымды тұлғаларға берілген. "Кел де тұра бер” қағидаты бойынша әрекет еткен тәжірибе қалыптасқан", – деді Павлодар облысының прокуратурасы.

Мысалы, бір мұғалім 2022 жылдан бері жетім балаға арналған пәтерде тұрып келген. Сонымен қатар, 70 жалға алушы жалдау ақысын төлемеген, берешек көлемі шамамен 6,5 миллион теңгені құрайды. Алайда, ауданның жергілікті атқарушы органдары жалдау ақысын өндіріп алу шараларын қабылдамаған.

"Кейбір жағдайларда мемлекеттік тұрғын үй үшінші тұлғаларға берілген. Кезекте тұрғандар тізімінде қайтыс болған азаматтар да тіркелген. Ал әкімдік балансында 65 бос тұрғын үй болса да, олар мұқтаж жандарға таратылмаған. Қазірдің өзінде тұрғын үй кезегінде 209 адам тұр", – деп қосты прокуратура өкілдері.

Тексеру қорытындылары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесінде қаралды. Жіберілген заңбұзушылықтар үшін Железин ауданының нақты сектор бөлімі басшысына "қызметіне толық сәйкес еместігі туралы" ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.2  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro