Павлодар облысындағы колледждердің бірінде оқытушының әрекеті сынға қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысындағы колледждердің бірінде оқытушының әрекеті сынға қалды Видео кадры

Павлодар облысының Ақсу қаласындағы колледждердің бірінде оқытушының түсініксіз әрекеті видеоға түсіп қалған. Бұл дерек бойынша қызметтік тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысының Ақсу қаласындағы колледждердің бірінде оқытушының түсініксіз әрекеті видеоға түсіп қалған. Бұл дерек бойынша қызметтік тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Kerek.pv Telegram-арнасында мұғалімнің оқу-тәрбие процесіндегі әрекеті бейнеленген видео пайда болды. Кадрда оқытушының оқушылар үстелінен оқулықтарды жинап алып, "сендер маған әдейі істеп жатсыңдар", "мойнымда 20 мың теңге" деген сөздермен еденге лақтырып жатқаны көрсетілген.

Видео тарап кеткен соң, колледж басшылығы мұғалімнің мінез-құлқына пікір білдірді.

"Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі М.А.-ға қатысты видео. Педагогикалық әдеп жөніндегі комиссия қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Қызметтік тексеру нәтижесі бойынша шара қолданылады", - деп жауап берді Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің директоры Алма Айтаурова.

Айта кетейік, бұған дейін бұл оқытушы "Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы" республикалық байқауының лауреаты атанған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети