Павлодарлық жедел уәкілдер зейнеткерлерді алдаған күдікті топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодарлық жедел уәкілдер зейнеткерлерді алдаған күдікті топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Егде жастағы 30-ға жуық тұрғын алаяқтық бойынша шағымданды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, алаяқтық әрекеттер жасау күдігі бойынша қылмыстық топ ұсталды.
Олар 19-21 жас аралығындағы Павлодар қаласының төрт тұрғыны болып шықты. Қазір олардың алты алаяқтыққа қатысы анықталды, алдау арқылы зейнеткерлерден шамамен 25 миллион теңге қаражат иеленген.
Ұсталғандардан 3 миллион 900 мың теңге тәркіленді, олар екі жәбірленушіге қайтарылды.
ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екеуіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы, тағы екеуіне қатысты ешқайда кетпеу туралы жазылым түріндегі бұлтарпау шаралары таңдалды. Олардың ұқсас фактілерге қатысуы тексеріліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!