Павлодарда жаңбыр суы жиналатын кәрізді тазалаған жұмысшы қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жаңбыр суы жиналатын кәрізді тазалаған жұмысшы қаза тапты Фото:depositphotos.com

Павлодарда жаңбыр суы жиналатын кәрізді тазалау кезінде жергілікті кәсіпорындардың бірінің қызметкері қаза тапты. Оның өліміне не себеп болғанын полицейлер анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жаңбыр суы жиналатын кәрізді тазалау кезінде жергілікті кәсіпорындардың бірінің қызметкері қаза тапты. Оның өліміне не себеп болғанын полицейлер анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 12 шілдеде таңертең Назарбаев даңғылы 17/1 мекенжайында болған.

"ЖШС-тердің бірінде жұмыс істейтін қызметкер жаңбыр суы жиналатын кәріз құбырларын тазалау кезінде басынан жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Ер адамда қорғаныс каскасы болмаған. Абайсызда адам өліміне әкеліп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиғаға байланысты Мемлекеттік еңбек инспекциясы да тергеу жүргізетін болды.

"Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Арнайы тергеу ұйымдастырылды", – деді Tengrinews.kz тілшісіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Асқар Қапанов.

Қаза тапқан азамат жеке мердігер ұйымдардың бірінде жұмыс істеген 51 жастағы жұмысшы екені анықталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети