Павлодарда жеке сот орындаушылары филиалының басшысы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жеке сот орындаушылары филиалының басшысы ұсталды Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысы бойынша Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының филиал басшысы мас күйде көлік жүргізгені үшін қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысы бойынша Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының филиал басшысы мас күйде көлік жүргізгені үшін қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірдің бас жеке сот орындаушысының ұсталғаны туралы жергілікті Telegram-арна жазған. Ал "Сот кабинеті" порталында Павлодар қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 21 ақпанда 41 жастағы басшыға қатысты шығарған қаулы жарияланған.

Құжатқа сәйкес, палата филиалының басшысы 21 ақпанға қараған түні Павлодарда көлікті жүргізіп келе жатқан кезде тоқтатылған. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша жүргізуші орташа деңгейде мас болған.

"Сот отырысында И. әкімшілік құқықбұзушылық жасағанын толық мойындады. Ол сотқа көп қымыз ішкенін, содан кейін рөлге отырғанын, кейін полиция қызметкерлері ұстағанын түсіндірді", - делінген сот қаулысында.

Ер адам ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі ("Мас күйде көлік құралын басқару") бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

"Сот ӘҚБтК-нің 50-бабында көзделген қамаудан босатуға негіз таппады. ӘҚБтК-нің 50-бабы 3-бөлігіне сәйкес қамау мерзімі әкімшілік ұсталған сәттен бастап, яғни 21 ақпан сағат 04:45-тен есептеледі", - деп көрсетілген құжатта.

Сондай-ақ, Павлодар облысы бойынша филиал басшысы 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети