Павлодарда қалың қар жауды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда қалың қар жауды pavlodarnews.kz видео кадры

Павлодарда көшелерді қалың қар басты. Ауа температурасы нөлден төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда көшелерді қалың қар басты. Ауа температурасы нөлден төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде қар басқан көшелердің кадрларын бөлісіп, такси бағасының күрт қымбаттағанына шағымданып жатыр. Осы уақытта кейбір жүргізушілер жедел түрде көлік доңғалағын ауыстыра бастады.

Астана – Павлодар автожолының ішінара жабылғаны хабарланды. "ҚазАвтоЖол" өңір тұрғындарынан алыс сапарларға бармай, жылдамдық режимін және жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрайды.

Коммуналды қызметтер де қармен күреске кірісті. Pavlodarnews дерегінше, облыс орталығының көшелеріне 250 жұмысшы және 300-ден аса арнайы техника шықты.

Қазгидромет мәліметінше, 11 қазанда Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Павлодарда күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети