Павлодарда полицейден қашқан көлік жүргізушісі ағашқа соғылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда полицейден қашқан көлік жүргізушісі ағашқа соғылды Фото:depositphotos.com

Павлодарда полицейден қашқан көлік жүргізушісі ағашқа соғылды. Жол апаты Қамзин-Циолковский көшелерінің қиылысында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда полицейден қашқан көлік жүргізушісі ағашқа соғылды. Жол апаты Қамзин-Циолковский көшелерінің қиылысында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ВАЗ маркалы автокөлік жүргізушісі полицияның күдігін тудырған.

"Ол қызметкерлердің тоқтату туралы талаптарын елемей жылдамдықты арттыра берді. Расков көшесінде рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылып, қашып кетуге тырысты, бірақ ұсталды", - деп хабарлады департамент.

Сөйлесу кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шыққан. Тексеріс қорытындысы бойынша оның мас екені анықталды.

Мас күйінде рөлге отырғаны үшін жүргізуші жауапқа тартылды. Материал сотта қаралды, оның шешімі бойынша жүргізуші жеті жылға жүргізу құқығынан айырылды және 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети