16 қараша 2024 | 10:19

Перизат Қайрат палестиналықтардың қаражатын жымқырды деген тағы бір күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото: instagram/01pk фото: instagram/01pk

Қаржы мониторингі агенттігі (AFM) Перизат Қайраттың тағы бір заңсыз әрекетін әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қаржы мониторингі агенттігі (AFM) Перизат Қайраттың тағы бір заңсыз әрекетін әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына жиналған қайырымдылық ақшасын жымқырды деген де күдікке ілініп отыр.

"2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды. 2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қ. "Sensata Plaza" элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" жаңа автокөлігін сатып алды" делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де Rolex, Prada және Fendi брендтерінің бутиктерінен зергерлік бұйымдар, сағаттар мен киім-кешек сатып алуға жұмсалғаны хабарланды.

"Бұл эпизод бойынша Перизат Қ. 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдіктелуде", - деп толықтырды Қаржы министрлігі.

Егер Сіз Перизат Қайраттың алаяқтық әрекетінің құрбаны болған болсаңыз, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша Қаржы мониторингі агенттігіне немесе +7 (7172) 70-84-78 телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

Еске салайық, 14 қараша күні Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат 1,5 миллиард жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Мұнай бағасы төмендеді
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 496.01   523.53   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети