Петропавлда екі жасөспірім төбелесіп, біреуі зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда екі жасөспірім төбелесіп, біреуі зардап шекті Фото:depositphotos.com

Петропавлда жасөспірімдер төбелесіп, олардың бірін ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі SM.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда жасөспірімдер төбелесіп, олардың бірін ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі SM.kz сайтына сілтеме жасап.

Төбелес 2 қарашада кешке Интернациональная көшесінде болған. Төбелескендердің бірі 17 жастағы жасөспірім жедел жәрдемге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.

Төбелескен екінші бала да кәмелетке толмаған екені анықталып, полицияға жеткізілді.

"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігінің 7-тармағы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыс жасады деген күдікпен полиция қызметкерлері А Кәмелетке толмаған қала тұрғынын өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр, кәмелетке толмаған бала да профилактикалық бақылауға алынды", - деді полиция.

Қазір қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізу шаралары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Павлодарда куәгерлер Polisia деген жазуы бар ғимараттың маңында жігіттер арасындағы төбелесті түсіріп алған. Екі адам үшінші адамға соғып, оны тепкілей бастаған, кейін қозғалмай қалған адамды жерде қалдырып кеткен сәті түсірілген. Қалалық полиция департаменті төбелес болып жатқан ғимарат полиция бекеті емес екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети