Полиция зейнеткерді “Тамараға“ ақша аударып жатқан сәтте құтқарып қалды

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция зейнеткерді “Тамараға“ ақша аударып жатқан сәтте құтқарып қалды Видео кадры

Оралдағы сауда орталығында бір зейнеткер алаяқтарға ақша аударғалы тұрған жерінен құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралдағы сауда орталығында бір зейнеткер алаяқтарға ақша аударғалы тұрған жерінен құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарт кісі терминалдың қасында 1,3 миллион теңге жібермек болған. Телефон арқылы сөйлескен әйел оған айналасындағылар сұраса: "Қызымa ақша аударып жатырмын де", – деп нұсқау беріп тұрды. Өзін "Тамара" деп таныстырған бейтаныс дауыс иесі зейнеткерді сендіріп отырған.

Зейнеткер қатты абыржып, асығып тұрды. Полиция қызметкерлері оның жанынан өтіп бара жатып, мұның алаяқтық екенін түсіндірмек болды. Бірақ ер адам телефонды жібермей, ар жақтағы "Тамараға" сеніп қала берді. Кейін әңгімеге оның "ұлы" мен өзін "полиция" деп таныстырғандар қосылып, ақша аударуға итермелеген.

Бірнеше күн бойы қарт кісіге бейтаныстар қоңырау шалып, "жинаған ақшаң жоғалады" деп қорқытқан. "Құтқару үшін" депозиттен шешіп алып, "қауіпсіз есепшотқа" аударуды талап еткен. Ол солай істеп, қолма-қол ақшамен терминалға барған. Аударым тек соңғы сәтте ғана тоқтатылды.

Полиция алаяқтар өте дөрекі әрі арсыз тәсілдер қолданады, әсіресе қарт адамдарды алдап-арбайтынын айтты. Ешбір шынайы полицей азаматтардан ақшаны "қорғалған есепшотқа" аударуды талап етпейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети