Президент әлемдік нейрохирургия саласының өкілдерімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент әлемдік нейрохирургия саласының өкілдерімен кездесті Ақорда

Мемлекет басшысы әлемдік нейрохирургия саласының өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы әлемдік нейрохирургия саласының өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Уолтер Эдуард Денди атындағы нейрохирургия қоғамдастығының дүниежүзілік Х конгресіне қатысу үшін Астанаға келген әлемдік нейрохирургия саласының өкілдерін қабылдады.

Президенттің айтуынша, мұндай форумның Қазақстанда өтуі отандық нейрохирургия жетістіктерінің кеңінен мойындалғанын көрсетеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Конгресс нейрохирургия саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосып, озық тәжірибе мен технология алмасуға ықпал ететініне сенім білдірді.

"Ұлт саулығы – кез келген елдің қарқынды дамуының негізі. Сондықтан денсаулық сақтау ісін жан-жақты өркендету мемлекеттік саясатымыздың негізгі басымдығы саналады. Қазақстан медициналық инфрақұрылымды жаңғыртуға, маман даярлауға, үдерістерді цифрландыруға және аталған салаға инновациялық әзірлемелерді енгізуге мол қаржы бөледі", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан нейрохирургияда жасанды интеллектіні қолдануға айрықша мән беретініне назар аударды. Сол арқылы медицинаның жоғары технологиялы салаларын белсенді дамытуды қолға алғанын жеткізді. Оның айтуынша, цифрлы және роботты технологиялардың арқасында отандық нейрохирургия саласы өркендеп келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети