Психиатриядан шықты: 18 жастағы сарбазға қатысты шулы жағдайдың мән-жайы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Психиатриядан шықты: 18 жастағы сарбазға қатысты шулы жағдайдың мән-жайы айтылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазангапов

Мерзімді әскери қызмет атқарған сарбаз психиатриялық ауруханаға түскеннен кейін запастағы қызметке босатылды. Әскерде заңсыз әрекеттер болуы мүмкін деген арыз бойынша қылмыстық іс қозғалды. Толық ақпаратты Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Сарбаздың туыстарының айтуынша, ол әскери қызмет кезінде психикалық ауруханаға түскен. Осы дауға байланысты қазір тексеріс жүріп жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, сарбаз психикалық жай-күйіне шағым түсіргеннен кейін, дәрігерлерге тексерілуге жіберілген. Медициналық комиссия оның әрі қарай әскерде қызмет етуге жарамсыз деп танып, денсаулығына байланысты запасқа босату туралы шешім шығарған.

Алайда бұрынғы әскери қызметші әскерде өзіне қатысты заңсыз әрекеттер туралы айтып арызданған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазір оны тиісті органдар тергеп жатыр. Қарулы күштер басшылығы бұл жағдайды өз бақылауына алғанын мәлімдеді.

Еске салайық, Маңғыстау облысында 18 жастағы сарбаз әскерден кейін психиатриялық ауруханаға түскен. Туыстары мұны әскердегі әлімжеттікпен (дедовщинамен) байланыстырады. Құрлық әскерінің басшылары да бұл оқиғаға қатысты пікір берген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.66  course up  603.32  course up  6.44  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети