Путин: Маңғыстау облысында ерекше есімді полицей қызмет етеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путин: Маңғыстау облысында ерекше есімді полицей қызмет етеді Lada.kz

Маңғыстауда ерекше есімді полицей қызмет етіп жүр. Оның есімі - Путин Файзулла, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда ерекше есімді полицей қызмет етіп жүр. Оның есімі - Путин Файзулла, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Путин Файзулла 2003 жылғы 24 қаңтарда Ақтауда дүниеге келген. Бұл есімді оған әжесі қойған екен. Ол кезде Ресей Федерациясының президенті болып Владимир Путин тағайындалып, осы оқиғадан шабыт алған әжесі немересіне "Путин" деп ат қойған.

Полицейдің айтуынша, "Путин" сөзі көне славян тілінен шыққан, "жол" дегенді білдіреді. Бұл тек жай жол емес, сондай-ақ табысқа, көшбасшылыққа және мақсатқа жету жолының метафорасы.

Путин есімінен ешқашан ыңғайсыздық көрмегенін айтады. Керісінше, оның аты есте оңай сақталады және адамдарда әрдайым жағымды эмоция мен күлкі тудырады.

Файзулла 2024 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етеді. Қазір ол Мұнайлы ауданындағы Дәулет және Жаңа-Дәулет ауылдарында учаскелік инспектордың көмекшісі болып жұмыс істейді.

Ол үйленген, екі жасар қызы бар. Бұған дейін еркін күреспен айналысқан, спорт шеберлігіне кандидат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети