Путин мен Трамп бейбіт жоспар туралы сөйлесе ме? Кремль жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путин мен Трамп бейбіт жоспар туралы сөйлесе ме? Кремль жауабы Фото:depositphotos.com

Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамптың сөйлесуі қажет пе? Қажет болса, қандай деңгейде және қандай форматта байланыс болатыны әлі анықталған жоқ. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамптың сөйлесуі қажет пе? Қажет болса, қандай деңгейде және қандай форматта байланыс болатыны әлі анықталған жоқ. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.

ТАСС агенттігінің мәліметі де осы материалда келтірілген.

"Мұның бәрін әлі анықтау керек", – деді Песков.

Бұған дейін, 21 қарашада, Путин Қауіпсіздік кеңесінің отырысында АҚШ-тың Украина бойынша 28 тармақтан тұратын бейбіт жоспарын егжей-тегжейлі талқылауға дайын екенін растаған еді. Алайда ол болашақтағы байланыс форматын, соның ішінде АҚШ президентімен тікелей сөйлесу мүмкіндігін нақтылаған жоқ.

Путиннің пікірінше, АҚШ-тың бұл бейбіт жоспары Украинадағы қақтығысты реттеу үшін негіз бола алады. Сондай-ақ ол осы бейбіт бастаманың егжей-тегжейлері тамыздың ортасында Аляскадағы саммитке дейін-ақ талқыланғанын айтты.

Еске салайық, бірнеше сағат бұрын Трамп өз әкімшілігі Украинаға осы бейбіт жоспарға келесі бейсенбіге дейін келісуге мерзім қойғанын мәлімдеген. АҚШ президентінің сөзінше, Украина басшысы Владимир Зеленский бұл жоспарды қабылдауға мәжбүр болады.

Бұған дейін Зеленский Ресейдің Украинадағы соғысын тоқтатуға арналған жаңа жоспар жобасын алғаны және алдағы күндері АҚШ президентімен келіссөз жүргізуді көздеп отырғаны хабарланған. Ақ үй бұл жоспардың әлі нақты емес екенін айтқан.

Украина Жоғарғы Радасының депутаты Алексей Гончаренко Telegram-арнасында соғысты тоқтатуға арналған 28 тармақтан тұратын жоспардың мәтінін жариялады. Құжатта аумақтық мәселелер, елді қалпына келтіру және оның саяси мәртебесіне қатысты тармақтар қамтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети