Путин рубль құлдырап кеткеннен кейін жаңа жарлыққа қол қойды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ресей президенті Владимир Путин Батыстың экономикалық санкцияларының жаңа пакетіне жауап берді. 28 ақпанда ол экономикалық мәселелер бойынша кеңес өткізді, нәтижесінде ол "АҚШ пен оған қосылған шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың жағымсыз әрекеттеріне байланысты" арнайы экономикалық шараларды қолдану туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі URA.ru басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ресей президенті Владимир Путин Батыстың экономикалық санкцияларының жаңа пакетіне жауап берді. 28 ақпанда ол экономикалық мәселелер бойынша кеңес өткізді, нәтижесінде ол "АҚШ пен оған қосылған шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың жағымсыз әрекеттеріне байланысты" арнайы экономикалық шараларды қолдану туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі URA.ru басылымына сілтеме жасап.

Отандық экономиканы қолдау жөніндегі жаңа шаралар пакетін талқылауды ашқан Путин премьер-министрмен батыстық санкциялар тақырыбын алдын ала талқылағанын атап өтті.

"Біз Михаил Владимировичпен (Мишустин) бұл тақырыпты алдын ала талқыладық, әрине, қазір Батыс қоғамдастығы аталып жүргендер - мен өз сөзімде оларды "өтірік империясы" деп атағанмын - өз санкцияларын біздің елге қатысты жүзеге асыруға тырысып жатыр", - деді Ресей мемлекетінің басшысы.

Кеңес қорытындысы бойынша Путин қол қойған құжат ресейлік экспорттаушыларды ел ішіндегі валюта түсімінің 80 пайызын сатуға міндеттейді, ресейліктер мен отандық компанияларға валютаны шетелге өз шоттарына және қарыздарды өтеуге аударуға тыйым салады, биржадағы баға 20 пайызға немесе одан да көп құлдыраған кезде компанияларға өз акцияларын нарықтан сатып алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ ресейліктерге жеке қатысуынсыз ресейлік банктерде шоттар ашуға мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда банкті өзгерте де алады.

28 ақпанда Мәскеу биржасында өткен сауда бойынша, рубль бағамы алғаш рет бір доллар үшін 100 рубльден асты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro