“Реал Мадрид“ Қазақстанға келеді: “Қайратпен“ өтетін матч кестесі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Реал Мадрид“ Қазақстанға келеді: “Қайратпен“ өтетін матч кестесі жарияланды Musiu0/ depositphotos.com// ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

УЕФА 2025/26 маусымындағы Чемпиондар лигасының ресми кестесін жариялады. Онда алматылық "Қайрат" 30 қыркүйекте өз алаңында аты аңызға айналған "Реал Мадридті" қабылдайтыны жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

УЕФА 2025/26 маусымындағы Чемпиондар лигасының ресми кестесін жариялады. Онда алматылық "Қайрат" 30 қыркүйекте өз алаңында аты аңызға айналған "Реал Мадридті" қабылдайтыны жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл Қазақстан футболы үшін басты оқиға болмақ: Чемпиондар кубогының 15 дүркін иегері алғаш рет Алматыда ресми матч өткізеді. Жанкүйерлер Испания чемпионы атанған 36 мәрте жеңімпаз, әлемнің ең мықты клубтарының бірі саналатын "галактикос" өнерін өз көзімен көре алады.

"2025/26 жылғы Чемпиондар лигасының лига кезеңі 16 қыркүйекте басталып, финалы 30 мамырда Будапештте өтеді. Еуропаның элиталық командасы атағы үшін мықтылардың мықтылары бақ сынайды", – делінген УЕФА хабарламасында.

"Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы матчтар кестесі
Алматылық клубтың топтық кезеңдегі ойындары (Астана уақытымен):

  • 19 қыркүйек, 00:00 - сырт алаңда "Спортингке" қарсы
  • 30 қыркүйек, 21:45 - өз алаңында "Реалға" қарсы
  • 22 қазан, 21:45 - өз алаңында "Пафосқа" қарсы
  • 6 қараша, 02:00 - Миланда "Интерге" қарсы
  • 27 қараша, 23:45 - Копенгагенде "Копенгаген" клубына қарсы
  • 9 желтоқсан, 21:30 - өз алаңында "Олимпиакосқа" қарсы
  • 20 қаңтар 2026, 21:30 - өз алаңында "Брюггеге" қарсы
  • 29 қаңтар 2026, 02:00 - Лондонда "Арсеналға" қарсы

Еске салайық, "Қайрат" Шотландияның "Селтик" клубын жеңгеннен кейін тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Енді алматылықтарды "Арсенал" мен "Интерден" бастап, "Спортинг" пен "Копенгагенге" дейінгі ең мықты қарсыластар күтіп тұр. Бірақ Мадрид клубының келуі бүкіл ел үшін нағыз футбол мерекесіне айналмақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети