01 қаңтар 2025 | 18:55

Ресей газы тоқтаған соң Молдованың бір бөлігі жылусыз қалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
depositphotos.com depositphotos.com

1-қаңтардан бастап Украина аумағы арқылы ресейлік газдың берілуі тоқтатылғаннан кейін Молдова құрамындағы Приднестровье аймағында орталықтандырылған жылу жүйесі өшірілді. Бұл туралы "Тирастеплоэнерго" компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

1-қаңтардан бастап Украина аумағы арқылы ресейлік газдың берілуі тоқтатылғаннан кейін Молдова құрамындағы Приднестровье аймағында орталықтандырылған жылу жүйесі өшірілді. Бұл туралы "Тирастеплоэнерго" компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жылу жүйесінің өшірілуі тұрғын үйлерді, бюджеттік мекемелерді және барлық меншік түріндегі ұйымдарды қамтыды. Алайда, бұл шешім медициналық мекемелерге, сондай-ақ әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігіне қарасты стационар мекемелерге қатысты емес. Молдова бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, көптеген приднестровьеліктер сауда орталықтарында электр плиталары мен жылытқыштарды сатып алу үшін кезекте тұр. Тұрмыстық техника дүкендерінде сұраныстың күрт өсуі байқалуда.

Point.md порталының деректеріне сүйенсек, Приднестровье аймағындағы Молдавия МӨЭС Днестрдің оң жағалауына электр энергиясын жеткізуді тоқтатып, резервтік отын – көмірге көшкен.Порталдың мәліметінше, станцияның екі энергетикалық блогы жұмыс істей алатын донецк көмірінің қоры 50 күнге жетеді. Осы кезеңде электр энергиясы гуманитарлық қажеттіліктер үшін және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кәсіпорындарға өндірілмек.

Электр қуаты тұрғын үйлерге, әлеуметтік мекемелерге, азық-түлік өндіретін кәсіпорындарға және азаматтардың өмір сүру қызметін қамтамасыз ететін ұйымдарға жеткізілетін болады. Электр энергиясының тапшылығы жергілікті өндірісті арттыру және Румыниядан импорттау арқылы өтелмек. Еске салайық, 1- қаңтарда ресейлік "Газпром" Украина арқылы газ жіберуді тоқтатты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 525.1  course up  547.74  course up  4.84  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer