Ресей зауыты шабуылдан кейін қазақстандық газды қабылдауды тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей зауыты шабуылдан кейін қазақстандық газды қабылдауды тоқтатты Фото:depositphotos.com

Орынбор газ өңдеу зауыты Қазақстанның Қарашығанақ кен орнынан келетін шикі газды уақытша қабылдауды тоқтатты. Бұған себеп - дрон шабуылы салдарынан болған апаттық жағдай, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Газпромның" мәліметінше, апаттық жағдай 19 қазанда болды. Зауыт қаншалық зақымданғаны мен жұмысты қалпына келтіру мерзімдері туралы ақпаратты Ресей тарапы әзірге ұсынған жоқ.

"Қазақстанға газбен жабдықтау әсер етпеді, ішкі тұтынушыларға газ шектеусіз, қалыпты режимде беріледі", - деді ведомсмтво.

Қарашығанақ шикізатын өңдеу және мұнай өндіруге ықтимал әсері мәселелері кен пайдаланушыларымен бірлесіп қаралып жатыр. Шығындар мен алдағы шаралар туралы қосымша хабарланады.

Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап, ресейлік тарап және кен орны операторларымен тұрақты байланыста екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети