Ресейде дрондар шабуылынан кейін ірі мұнай өңдеу зауыттары өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде дрондар шабуылынан кейін ірі мұнай өңдеу зауыттары өртенді Фото:depositphotos.com

2 тамызға қараған түні Украина Қарулы күштерінің дрондары бір уақытта Ресейдің бірнеше аймағына шабуыл жасады. Бұл туралы жергілікті БАҚ-тар мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2 тамызға қараған түні Украина Қарулы күштерінің дрондары бір уақытта Ресейдің бірнеше аймағына шабуыл жасады. Бұл туралы жергілікті БАҚ-тар мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Mash Telegram-арнасы мәліметінше, шабуыл түнгі сағат 00:00 шамасында Ростов облысында басталған. Украина Қарулы күштері кемінде төрт өңірге – Рязань, Липецк, Воронеж және Ростов облыстарына соққы жасаған.

Рязань шабуылдың негізгі нысаналарының бірі болды. Жергілікті тұрғындар түн ортасында қалада бірінен соң бірі жарылыстар болғанын хабарлаған. Соққыдан кейін сауда орталығы маңындағы ғимарат өртеніп кеткен. Куәгерлер 5-тен 10-ға дейін жарылыс, төмен биікте ұшқан дрондар мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жұмыстарының куәсі болған. Дрон дыбысы мен жарқылдар қаланың көптеген ауданында байқалды.

Самара облысындағы Новокуйбышевск тұрғындары да аспандағы жарылыстар туралы айтқан. Алғашқы жарылыстар таңғы 4:30 шамасында естілген, жалпы саны 15-тен кем болмаған. Әсіресе Дзержинский ауданында қатты естілген. Кейбір тұрғындар автоматты қарудан оқ атылғанға ұқсас дыбыстарды естіген. Ұқсас жағдай Пенза облысында да тіркелген.

Түнгі дрон шабуылы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған. Қайтыс болғандардың бірі – Ростов, екіншісі – Пенза облысының тұрғыны.

Липецк тұрғындары түнгі сағат 1 шамасында аспанда болған жарылыстарды естіген. Бес жарылыстан көп болған. Оған дейін әуе шабуылы қаупі туралы дабыл естілген.

Пенза қаласында сегізге жуық жарылыс тіркелген. Дрон жергілікті кәсіпорынға шабуыл жасаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети