Ресейде қызметінен босатылған көлік министрі өз-өзіне қол жұмсады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде қызметінен босатылған көлік министрі өз-өзіне қол жұмсады - БАҚ © РИА Новости

Ресейде қызметінен босатылған көлік министрі Роман Старовойт өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде қызметінен босатылған көлік министрі Роман Старовойт өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресейлік БАҚ пен Telegram-арналарының мәліметінше, Роман Старовойт Мәскеу облысының Одинцово қаласында өзін атып өлтірді деген болжам бар. Басылымдар өз дереккөздеріне сілтеме жасайды.

Кейін Мемлекеттік Думаның қорғаныс комитетінің басшысы Андрей Картаполов RTVI арнасына Старовойттың өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпаратты растады.

Роман Старовойттың өлімін Тергеу комитеті де растады.

Ведомствоның ресми өкілі Светлана Петренконың айтуынша, бұрынғы көлік министрінің денесі бүгін жеке көлігінен табылған.

"Оқиға орнында Ресейдің Тергеу комитетінің Мәскеу облысы бойынша Бас тергеу басқармасының тергеу органдары болған жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр. Негізгі нұсқа - суицид", - деді Петренко.

Шенеуніктің қайтыс болғаны хабарланар алдында, 7 шілдеде Ресей президенті Владимир Путин Старовойтты көлік министрі қызметінен босатты. Бұл авиация саласындағы жағдай аясында болды. Ресейде бірнеше күн ішінде 485 рейс тоқтатылды, 2 мыңға жуық рейс кейінге қалдырылды.

Владимир Путин Андрей Никитинді көлік министрінің міндетін атқарушы етіп тағайындады.

Роман Старовойт 2024 жылғы мамырдан бастап Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің басшысы лауазымын атқарды. Оған дейін, 2018 жылғы қазаннан бастап Курск облысын басқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети