Ресейге кіруге тыйым: Нұрлан Сабуров пікір білдіруден бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейге кіруге тыйым: Нұрлан Сабуров пікір білдіруден бас тартты ren.tv

Әзілкеш Нұрлан Сабуровқа бұған дейін Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынған еді. Ол Мәскеудегі Внуково әуежайынан Қазақстанға ұшар алдында РЕН ТВ тілшісінің сұрақтарына жауап беруден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әзілкеш Нұрлан Сабуровқа бұған дейін Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынған еді. Ол Мәскеудегі Внуково әуежайынан Қазақстанға ұшар алдында РЕН ТВ тілшісінің сұрақтарына жауап беруден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әзірге пікір білдіре алмаймын. Кешіңіз жақсы өтсін", - деді ол журналистке.

7 ақпанға қараған түні Сабуров Алматыға ұшып келді. Ол VIP-аймақтан көзге түспеуге тырысып шыққан. Әуежай қызметкерлері VIP-аймақта ешкімді күтпегенін айтқан. Алайда Сабуров көріне салысымен, тілшілердің түсіріліміне кедергі келтіріле бастаған.

"Түсірілім жасауға болмайды", - деп әуежай қызметкері бірнеше рет қайталады.

Сабуров тез арада көлікке отырып, әуежай аумағынан кетіп қалды.

Еске салайық, Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынған. БАҚ болжамынша, бұған Ресейдің Украинаға қарсы соғысын сынаған пікірлері себеп болуы мүмкін. Стендап жұлдызы Дубайдағы демалыстан оралғаннан кейін Мәскеудегі Внуково әуежайында ұсталған.

Өнер иесі бұл тыйым туралы Мәскеуге келген соң, шекаралық бақылаудан өтіп жатқан кезде білген. БАҚ дерегінше, комик Дубайға тегін депортациядан бас тартып, Қазақстанға билет сатып алып, өзі ұшып кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети