Ресейлік кеден Қазақстан–Ресей шекарасындағы кептеліс себебін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік кеден Қазақстан–Ресей шекарасындағы кептеліс себебін түсіндірді Көлік министрлігі

Қазақстан–Ресей шекарасы маңында көлік кептелісі байқалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей Федералды кеден қызметіне (ФКҚ) сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан–Ресей шекарасы маңында көлік кептелісі байқалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей Федералды кеден қызметіне (ФКҚ) сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегінше, ФКҚ-ның тауар шығарылғаннан кейінгі негізгі кедендік бақылау басқармасының бастығы Агепсим Ашкалов пен Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Талғат Горяев Қазақстан тарапындағы шекара маңында тексеру жүргізген.

"Іссапар барысында шекара маңындағы жолдар мен автотұрақтарда көліктер кептелісі анықталды. Жүргізушілермен сөйлесу кезінде олардың Ресейге кіру үшін жұмыс берушілерінен бұйрық күтіп отырғаны белгілі болды. Ресей мен Қазақстанның кеден қызметтері тауар қозғалысына кедергі жасалмайтынын, адал кәсіпкерлік үшін шекара ашық екенін растады", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанның Көлік министрлігі шекарадағы кезектің Ресей тарапынан бақылаудың күшеюіне байланысты екенін мәлімдеген еді. Министрліктің ақпаратына сәйкес, ресейлік қызметтер жүктерді тексеруді күшейтіп, көлікті қарау уақытын ұлғайтқан, сондай-ақ құжаттарды, санитарлық және фитосанитарлық талаптарды қосымша қадағалауды енгізген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети