Reuters Украина бойынша “бейбіт жоспарды” жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Reuters Украина бойынша “бейбіт жоспарды” жариялады Фото:depositphotos.com

Reuters агенттігі Владимир Путин мен Дональд Трамптың Аляскадағы кездесуінде талқыланған Украинаға қатысты "бейбіт жоспардың" егжей-тегжейін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Reuters агенттігі Владимир Путин мен Дональд Трамптың Аляскадағы кездесуінде талқыланған Украинаға қатысты "бейбіт жоспардың" егжей-тегжейін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым дерегінше, әңгіме территория алмасу мен Киевке қауіпсіздік кепілдіктерін ұсыну туралы болған. Бірақ толыққанды келісімге қол қойылғанша атысты тоқтату қарастырылмаған.

"Бейбіт жоспардың" негізгі тармақтары:

  • Украина күштерін Донецк пен Луганск облыстарынан толық шығару; есесіне Ресей Херсон мен Запорожье облыстарындағы қазіргі шептерін бекітеді.
  • Мәскеудің Сумы мен Харьков облыстарындағы шағын учаскелерді қайтаруға дайын екені, олардың жалпы аумағы шамамен 440 шаршы шақырым екені айтылады. Салыстырма үшін: Украина бақылауындағы Донбасстың аумағы – 6 600 шаршы шақырым.
  • Қырымды ресейлік аумақ ретінде ресми мойындау және бірқатар санкцияны жеңілдету талабы.
  • Украинаның НАТО-ға мүше болмауы, бірақ оған балама қауіпсіздік кепілдіктерін талқылау ("5-бапқа тең" формат, бірақ Альянстан тыс).
  • Орыс тіліне ресми мәртебе беру және православ шіркеуінің Украина аумағында еркін қызмет етуіне рұқсат ету.

Киевтің ұстанымы

Украина Донецк облысынан шегінуден бас тартып отыр. Киев бұл аймақты елдің қорғанысы үшін стратегиялық маңызды деп есептейді және ешқандай жағдайда берілмейтінін мәлімдеген.

Трамптың сөзі және дипломатиялық қадамдар

АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News арнасына берген сұхбатында Путинмен территория алмасу мен қауіпсіздік кепілдіктерін талқылағанын, "көп мәселеде келісім барын" айтты. Дегенмен соңғы шешім Киевке тиесілі екенін жеткізді. Сондай-ақ, алдағы аптада ресейлік мұнай сатып алушыларға қарсы тарифтер тақырыбына қайта оралу мүмкіндігін атады.

Украина президенті Владимир Зеленский 18 тамызда Вашингтонға Трамппен келіссөздерге барады. Бұған дейін америкалық лидер Зеленскиймен сөйлесіп, Еуропа серіктестерін де Мәскеумен байланыс барысынан хабардар еткен.

Белгісіздік деңгейі

Reuters деректеріне сүйенсек, сарапшылардың айтуынша, бұл ұсыныстар Мәскеудің тек бастапқы сауда позициясы ма, әлде соңғы, қатаң шарттары ма – ол әзірге анық емес.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети