Рим Папасы Лев XIV Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатуға шақырды

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рим Папасы Лев XIV Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатуға шақырды instagram.com/vaticannews

Рим Папасы Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vatican News агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рим Папасы Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vatican News агенттігіне сілтеме жасап.

"Рим Папасы Лев XIV соғыстың, әсіресе Таяу Шығыстағы қантөгістің тоқтауын талап етеді. Ол соғыс мәселелерді тек ушықтырып, терең жара қалдыратынын және тұрақты шешім әкелмейтінін еске салады", – делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ, Рим Папасы Таяу Шығыстан, әсіресе Ираннан, алаңдатарлық жаңалықтар әлі тоқтамай жатқанын атап өтті.

Еске салайық, Дональд Трамп АҚШ Ирандағы ядролық нысандарға соққы жасағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, америкалық ұшақтар Иран әуе кеңістігінен шығып, АҚШ-қа қайтып бара жатыр. Сонымен қатар, Трамп әкімшілігі бұл шабуыл туралы алдын ала Израильге хабар берген. Иран тарапы әуе шабуылдарын растады.

Бұған дейін Трамп алдағы екі апта ішінде Иранға соққы беру туралы шешім қабылдайтынын айтқан еді. Ал АҚШ вице-президенті елдің Ирандағы соғысқа тікелей араласуына қарсы екенін білдірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети