Роман Василенко жаңа қызметке тағайындалды

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роман Василенко жаңа қызметке тағайындалды Фото:gov.kz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Роман Василенко Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақ пен Солтүстік Атлант шарты ұйымындағы (НАТО) өкілдігінің басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.

Сондай-ақ Кувейт Мемлекетіндегі Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі ауысты. Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл қызметке Ержан Елекеев тағайындалды.

Роман Юрьевич Василенко 1972 жылғы 14 тамызда Шымкент қаласында дүниеге келген.

1994 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Экономика, қаржы және құқық әскери академиясын үздік тәмамдаған. Аудармашы-референт, халықаралық құқық саласының маманы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети