Рұқсат қағазы жоқ “әуе таксиі”: кәсіпкердің ұшағы тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рұқсат қағазы жоқ “әуе таксиі”: кәсіпкердің ұшағы тәркіленді Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Былтыр жазда Алакөлде апатқа ұшыраған планер иесіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Былтыр жазда Алакөлде апатқа ұшыраған планер иесіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Достық" көлік прокуратурасы "SKYPPER 912" дельтапланы иесінің әрекетінен құқық бұзушылықтарды анықтады. Ол рұқсатсыз демалушыларға Алакөл үстінде ақылы ұшуды ұсынған. Прокуратураның бастамасымен Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында кәсіпкерді әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесі қаралды" делінген хабарламада.

Сот дельтаплан иесін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 563-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп тапты. Оған 55380 теңге айыппұл салынып, ұшу аппараты мемлекет пайдасына тәркіленді.

Еске салайық, 2024 жылдың жазында Алакөл көлінде осы дельтаплан апатқа ұшырап, салдарынан екі адам зардап шеккен болатын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети