Рустам Исатаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рустам Исатаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болды Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Рустам Исатаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рустам Исатаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкіміммен Рустам Маратұлы Исатаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Рустам Исатаев 1986 жылы туған, білімі жоғары. 2008 жылы Ұлыбританияның Дарэм университетінде "Экономика", 2021 жылы АҚШ-тың Гарвард университетінде "Мемлекеттік басқару магистрі" мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі макроэкономикалық талдау және жоспарлау департаментінің бас сарапшысы болып бастаған.
"Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Eurasia Group Kazakhstan ЖШС вице-президенті қызметтерін атқарған.

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымында болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети