Рыбакина Miami Open финалы туралы: Бұл аралықты өткеру қиын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рыбакина Miami Open финалы туралы: Бұл аралықты өткеру қиын болды

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина WTA 1000 Miami Open турниріндегі ойынын қорытындылады. АҚШ-та өткен ірі турнирде ол финалға шығып, Петра Квитоваға есе жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Марапаттау рәсімінде әлемдік рейтингте жетінші орында тұрған 23 жастағы қазақстандық қарсыласын құттықтап, мақсаттарын айтты.

"Әрине, Петра, сізді, және бүкіл командаңызды құттықтаймын! Сізге маусым бойы сәттілік тілеймін. Осы турнирді ұйымдастыруға атсалысқандардың барлығына рақмет. Бұл аралықты өткеру өте қиын болды. Командама қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын! Біз әрі қарай жұмыс істейміз", - деді ол.

Майамидегі турнирдің жаңа чемпионы Петра Квитова да қарсыласына сәттілік тіледі.

"Сені осы екі апта ішінде ғана емес, жалпы кейінгі жылдағы да керемет ойыныңмен құттықтаймын! Саған маусымның қалған бөлігінде сәттілік тілеймін!", - деді Квитова.

Еске салайық, Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өткен Miami Open финалында дүниежүзінің 12-ракеткасы, чехиялық теннисші Петра Квитовамен ойнады. Қазақстандық екі сетте 6:7(14), 2:6 есебімен ұтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети