Самоделкинаның Олимпиададағы шешуші сәті: тікелей эфирді қайдан көруге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Самоделкинаның Олимпиададағы шешуші сәті: тікелей эфирді қайдан көруге болады? ҰОК

19-ынан 20 ақпанға қараған түні Италияда өтіп жатқан Олимпиадада Қазақстан атынан мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


19-ынан 20 ақпанға қараған түні Италияда өтіп жатқан Олимпиадада Қазақстан атынан мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қысқа бағдарламадан кейін 19 жастағы спортшы 12-орынға тұрақтады. Енді еркін бағдарламада жүлде үшін таласады. Спортшыға үздік үштікке кіру үшін 8 ұпай ғана жетпей тұр.

Бұған дейін сарапшылар Софьяның қысқа бағдарламадағы бағасы бұдан жоғары болуы мүмкін болғанын айтты. Олардың пікірінше, төрешілер ұпайды сәл төмен қойған.

Еркін бағдарламаның тікелей көрсетілімі Қазақстан уақытымен 23:00-де басталады. Софья үшінші жаттығу тобының алғашқысы болып мұзға шығады, шамамен 01:13-те.

Көрсетілімді Qazsport және Jibek Joly телеарналары тікелей эфирде ұсынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.28  course up  579.41  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети