“Самұрық-Энергоның“ топ-менеджері көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Самұрық-Энергоның“ топ-менеджері көз жұмды Холдинг баспасөз қызметі

"Самұрық-Энерго" АҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Руслан Тұрғанбаев мезгілсіз қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самұрық-Энерго" АҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Руслан Тұрғанбаев мезгілсіз қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Руслан Тұрғанбаев энергетика және оған қатысты салаларда 25 жылдан астам еңбек етті. Алматы мен Түркістан облыстарының энергетика басқармаларында басшылық қызметтер атқарған.

2022 жылғы қарашадан бері "Самұрық-Энерго" АҚ-ның өндіріс жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

Компанияда Руслан Тұрғанбаевтың еліміздің электр энергетикасын дамытуға қосқан зор үлесі атап өтіліп, отбасы мен жақындарына көңіл айтылды.

Анықтама: "Самұрық-Энерго" - Қазақстандағы ең ірі энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылған. Компания электр станцияларын, желілерді және көмір кәсіпорындарын басқарып, елдегі электр энергиясының 30 пайыздан астамын өндіреді. Холдинг құрамына "Екібастұз ГРЭС-1", "Екібастұз ГРЭС-2", "Алматы электр станциялары" және басқа да ірі активтер кіреді. Негізгі қызмет бағыттары - электр энергиясын өндіру, тарату және сату, сондай-ақ көмір өндіру.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети