35 миллион теңгенің медициналық аппараты Маңғыстау облысы Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр және Сайын ауылында тұратын 25 мың тұрғын үшін қолжетімді болмақ. Наурыз мерекесі қарсаныңда радиографиялық құрылғы "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – Samruk-Kazyna Trust қорының қаржыландырумен ауылдық амбулаториялық орталыққа табысталды.
35 миллион теңгенің медициналық аппараты Маңғыстау облысы Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр және Сайын ауылында тұратын 25 мың тұрғын үшін қолжетімді болмақ. Наурыз мерекесі қарсаныңда радиографиялық құрылғы "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – Samruk-Kazyna Trust қорының қаржыландырумен ауылдық амбулаториялық орталыққа табысталды.
Ақшұқырдағы амбулаторияда алғаш рет қойылған New Oriental 1000ub рентген аппараты арқылы екі ауылдың тұрғындары жедел түрде диагностикадан өте алады. Келген науқастарға бронх-өкпе, жүрек-тамыр жүйесі аурулары, профилактикалық мақсаттар үшін кеуде органдарының рентгенографиясы, буын аурулары, омыртқа аурулары, жарақаттар үшін сүйек-буын жүйесін тексеру секілді медициналық шаралары көрсетіледі. Тексеру жұмыстары келушінің жас ерекшеліктерін ескере отырып ұсынылады. Мұнда тәжірибелі рентгенологтар қабылдау шараларын жүргізеді.
"Қор үшін өңірлерді дамыту басты назарда. Сондықтан ауыл тұрғындарының ұсынысы назардан тыс қалмады. 2016 жылдан бері Маңғыстау облысында 48 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, бұл игі үрдіс биыл да жалғасын тауып жатыр", - деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.
New Oriental 1000UB U-ARM рентген аппараты ықшамдалып жасалған. Көпфунционалды құрылғыны орнату және онымен жұмыс жасау көп күшті талап етпейді. Аппарат ұзақ мерзімге пайдаланылады.
"Облыста аудан орталығы мен ауылдар арасында қатынау қиын. Бүгінде Ақшұқыр және Сайын ауылында 25 мың адам тұрады. Көп жағдайда ауыл тұрғындары медициналық көмекті алу үшін облыс орталықтарына қатынап жататын. Енді бұл шаралар өз ауылымызда қолжетімді болғаны қуантады", - деп атап өтті ауыл тұрғыны Күлаш Қасымова.
Сондай-ақ, Амал мерекесінде басқарушы директор өңірде былтыр Қор қолдауымен ашылған "Қамқорлық" оңалту орталығында болып, ерекше балалардың ата-аналарымен көрісті. Кездесуде оңалтудан өтіп жатқан 1 жасар Мұстақимның тұсауын кесіп, ақ жол тілей отырып, бата берді. Орталықта жылына 600 ерекше бала тегін оңалтудан өтеді.
Еске салайық, Samruk-Kazyna Trust қоры арқылы 2016-2024 жылдар аралығында Маңғыстау өңірінде 5,1 млрд теңгеге 48 әлеуметтік жобаға қолдау көрсетілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!