"Самұрық-Қазына" қоры Құлсары қаласына 7 млрд теңге қаражат бөлді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самұрық-Қазына" қоры Құлсары қаласына 7 млрд теңге қаражат бөлді Фото: "Самұрық-Қазына"

7 млрд теңге компаниялар тобы атынан Атырау облысында су тасқынынан ең көп зардап шеккен Құлсары қаласының инфрақұрылымын қалпына келтіруге бағытталып отыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

7 млрд теңге компаниялар тобы атынан Атырау облысында су тасқынынан ең көп зардап шеккен Құлсары қаласының инфрақұрылымын қалпына келтіруге бағытталып отыр.

Бұл мақсатта тиісті қаржы бірыңғай қайырымдылық операторы "Samruk-Kazyna Trust" арқылы "Атырау" корпоративтік қорына аударылды. Игі іс "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ қолдауымен жүзеге асты.

Жалпы осыған дейін "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялары тобы елімізде орын алған су тасқынына қарсы күреске 15 млрд теңге бөлген болатын. Сонымен бірге портфельдік компаниялар өңірлерде азаматтарды тасымалдауды ұйымдастырып, арнайы техника бөлді және гуманитарлық көмек көрсетті.

Бүгінде Қордың бірыңғай қайырымдылық операторы "Samruk-Kazyna Trust" қорына еншілес кәсіпорындардың серіктестерінен су тасқыны салдарын жоюға қаражаттың түсуі жалғасуда. Олардың ішінде мұнай-газ секторындағы румыниялық "Rompetrol", ірі атом компаниялары "Cameco" және "CGN", жапониялық "Marubeni" сауда компаниясы бар. Қаражат өңірлердегі инфрақұрылымды қалпына келтіруге бағытталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материалды "Samruk-Kazyna Trust" ұсынды
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети