Сарыағашта химия пәнінің мұғалімі шахмат үйірмесін жүргізіп жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сарыағашта химия пәнінің мұғалімі шахмат үйірмесін жүргізіп жүр Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сарыағаш ауданындағы №4 Ю.Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Тыңнан түрен салған" өміршең жоба қолға алынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сарыағаш ауданындағы №4 Ю.Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Тыңнан түрен салған" өміршең жоба қолға алынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығармашылық және спорттық бағыттағы "Шахмат" үйірмесі ашылып, бүгінде оқушылар қабілеттерін жан-жақты дамытып жатыр.

Мектептегі "Шахмат" үйірмесінің жетекшісі - химия пәнінің мұғалімі Әлібек Абдукаримов. Ол химиялық құбылыстар мен ережелерді үйретумен қатар, шахматты оқушылар санасына сіңіріп жүр. Ізденімпаз әрі жаңашыл ұстаздың арқасында балалар жаратылыстану пәнімен қоса, сабақтан тыс уақытта шахмат жарысын өткізіп, тәжірибе жинақтап жатыр.

"Әлібек Абдукаримов - оқушылардың болашағы үшін игілікті іске жұмылған жаңашыл ұстаз. Қазіргі уақытта әлем алға жылжыған сайын физикалық күшке қарағанда ақыл-ойға көп салмақ салатын ойын түрлеріне басымдық беріліп отыр. Әсіресе, баланың телефоннан бас алмайтын заманында оны шахматқа баулу, қолындағы смартфон арқылы ақыл-ойды биікке шығаратын спорт түріне үйрету зор жауапкершілікті талап етеді. Осы тұрғыда еңбек етуден тыңбайтын талапшыл ұстазымыз үйірме жұмысын жандандыруды қолға алған", - дейді мектеп директоры Лазакат Тағаева.

Креативті ұстаз мектептегі үйірме сабағын 8 жылға жуық уақыт тегін ұйымдастырып келеді. Қызықтыру, жарыстыру, ынталандырудан бөлек Әлібек Абдукаримовтың үйірмедегі тағы бір тәсілі - алыстағыны аңдап, стратегия тұрғысынан сараптап, балаларды ұтымды таңдау жасауға машықтандыру.

"Бізде үйірме екі сағат болады. Оның бір сағатын теорияға, бір сағатын практикаға арнаймыз. Шахмат - ақыл-ойдың спорты болғандықтан, кітаппен жұмыс істеу маңызды. Сонымен қатар оқығанын практика жүзінде байқап көруі де маңызды. Сол себепті де үйірмеде практикалық ойындар өткізіліп отырады. Балалар өзара бір-бірімен ойын жүргізеді. Кей кезде мен өзім де олармен шахмат ойнаймын. Дегенмен, бала үшін ең маңыздысы - турнир, яғни жарыс. Сайыстың аудандық немесе облыстық деңгейі маңызды емес, бастысы бала сынға түсуі керек. Ол баланың деңгейін кәдімгідей көтереді,- дейді үйірме жетекшісі.

Қазіргі таңда білім ордасындағы үйірмеде 60-тан аса оқушы шахматты үйреніп жатыр. Ең кіші қатысушы - 7 жаста. Қазіргі таңда мектеп оқушылары дағды-машықтарын аудандық, облыстық, тіпті республикалық деңгейдегі додаларда танытып, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Атап айтар болсақ, 10-сынып оқушысы Абдулла Бейбарыс республикалық жарыстан 3-орын, ал облыстық сайыстан Тасболат Аяла 2-орын, Талас Бақтөре 3-орынды иемденді.

Мұғалімге қызық болмаған үйірме-сабақ оқушыға да қызықсыз. Әлібек Абдукаримов осы қағиданы берік ұстанады. Сондықтан үнемі ізденіс үстінде жүреді. Ол енді шахмат үйірмесін жандандыру мақсатында арнайы бөлмені жабдықтап, оқушылардың санын көбейтуді жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети