Сауда министрі ет бағасының өсу себебін түсіндірді

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауда министрі ет бағасының өсу себебін түсіндірді

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанның кейбір өңірлерінде ет бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанның кейбір өңірлерінде ет бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Шілде айында Шымкентте сиыр етінің бағасы өсе бастады. Еттің жұмсақ бөлігі 4 200 теңгеден 5 000 теңгеге дейін қымбаттады – бұл шамамен 20 пайыздық өсім.

Сауда министрлігінің мәліметінше, Шымкент нарығына негізгі сиыр еті Түркістан облысынан, соның ішінде мал шаруашылығы бойынша алдыңғы қатарда тұрған Қарабұлақ ауылынан жеткізіледі.

Сонымен қатар, қазақстандық етке көршілес мемлекеттер тарапынан жоғары сұраныс сақталып отыр, бұл ішкі нарықтағы бағаға әсер етуде. Бұған қоса, жем, астық, құрамажем және шөп бағасының өсуіне байланысты ет өндірісінің өзіндік құны да артқан.

Бағаны тұрақтандыру мақсатында министрлік ірі сауда желілерімен келісімшарттар жасалғанын мәлімдеді. Соның арқасында сиыр етінің (лопатка-кеуде бөлігі, сүйегімен) бір келісі 2 590 теңге көлемінде бекітілген бағамен сатылуда.

EnergyProm дерегінше, биылғы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтардың ет пен ет өнімдерін тұтыну деңгейі жан басына шаққанда орта есеппен 20,6 келіні құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 пайызға артық.


Министрдің пікірі

Арман Шаққалиев ет бағасының өсуін растады.

"Мұнда екі фактор бар. Біріншісі – бұл жаһандық проблема, оны мен бұған дейін де айттым. Бұл әлемдік ірі өндірушілер – Бразилия, Аргентина секілді елдердегі көлемдердің өзгеруіне байланысты. Екіншісі – бүгінде көршілес елдерде еттің бағасы әлдеқайда жоғары, сондықтан өнім сол жаққа көптеп кетуде, үлкен нарықтық сұраныс бар. Біз, министрлік ретінде, бұл жағдайды бақылап, бірқатар шараларды, соның ішінде сыртқы саудаға қатысты бастамаларды қолға алдық, ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін", – деді ол Үкіметтегі брифингте.


Журналистер министрден: осы тенденцияға байланысты қазақстандықтар неге дайын болуы керек? – деп сұрады.

Шаққалиевтің айтуынша, негізгі мақсат – ай сайынғы баға өсімін 0,4 пайыздан асырмау.

"Біз нарықтық экономикада өмір сүріп жатырмыз, сондықтан бағаны тікелей бұйырып бекіте алмаймыз. Бірақ біз осы шекте ұстап тұру үшін, қай жерде, қашан тауарлық интервенция жасау қажет болса, соны анықтап, дүрлігуді басып отырамыз. (…) Ең бастысы – нарықта ет болады. Иә, баға әртүрлі болады: бірде жұмсақ ет, бірде лопатка-кеуде бөлігі және т.б.", – деп жауап берді министр.

Еске салсақ, шілде айында Шымкентте ет бағасының күрт өскені туралы хабарланған еді. Кей жерлерде бағасы 5 000 теңгеге дейін жеткен. Сауда министрлігі "Магнум" және "Грамад" сауда желілерімен келісім жасасқанын айтып, сиыр етінің белгілі бір бөлігін 2 590 теңгеден сатуға мүмкіндік туғызған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети