Сайрам ауданында “Жайлы мектеп“жобасы аясында үш білім ұясы салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сайрам ауданында “Жайлы мектеп“жобасы аясында үш білім ұясы салынады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылдық округінде 600 орындық білім нысанының құрылысы жүріп жатыр. Аудан әкімі Арман Сабитұлы салынып жатқан мектеп құрылысымен арнайы танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылдық округінде 600 орындық білім нысанының құрылысы жүріп жатыр. Аудан әкімі Арман Сабитұлы салынып жатқан мектеп құрылысымен арнайы танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақсукент ауылында бой көтеріп жатқан мектептің құрылысы 2023 жылы басталған. Тапсырыс беруші – "Samruk-Kazyna Construction" АҚ.

"Жалпы Сайрам ауданы бойынша "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 3 мектеп салу жоспарланып отыр. Ақсукент ауылдық округіндегі мектептен бөлек, Ақбұлақ және Қарасу ауылдық округтерінде де 600 орындық мектеп бой көтермек. Ақбұлақ ауылындағы мектепті салуға жалпы көлемі 2,3 га жер телімі бөлінсе, Қарасу ауылындағы білім нысанына жалпы көлемі 4 га жер телімі қарастырылған", - деді аудан әкімі Арман Сәбитұлы.

Сонымен қатар, биыл Сайрам ауданына қарасты Жібек жолы ауылдық округі әкімдігі ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Құрылыс нысанының жалпы алаңы - 218 шаршы метр.

Түркістан облысындағы жайлы мектептер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елімізде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба оқушы орындарының тапшылығы, апатты мектептер және үш ауысымды оқыту мәселелерін шешуге бағытталған. Жоба бойынша 2024-2025 жылдары елімізде барлығы 740 мың орынға арналған 369 мектеп салу жоспарланған. Ал Түркістан облысында 2024-2025 оқу жылдары "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 29 жаңа мектеп пайдалануға берілмек. 2024 жылдың аяғына дейін облыс аумағында 13 "Жайлы мектеп" ашылған.

Жаңа форматтағы мектептерде бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған. Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың кедергісіз жүріп-тұруына мүмкіндік жасалған. Оқу орындарын жобалау кезінде кіре беріс, жеделсаты, баспалдақ, оқу сыныбы, жуынатын бөлмелер ескерілуде. Сонымен қатар, заманауи техникалық құрал-жабдықтар орнатылып, қауіпсіздік шараларын арттыруға ерекше назар аударылған. Атап айтқанда, ЖБО-ға қосылған цифрлық бейнебақылау, дабыл түймесі және дыбыстық хабарлау, есіктер мен блоктарды автоматты түрде құлыптау, лицензияланған күзет балалардың жайлы білім алуы үшін бар жағдай жасамақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети