Сайранға шомылу несімен қауіпті - Алматы әкімдігі тыйым себебін түсіндірді

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сайранға шомылу несімен қауіпті - Алматы әкімдігі тыйым себебін түсіндірді Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Алматы әкімдігі Сайран су қоймасында шомылуға тыйым салынуының себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі Сайран су қоймасында шомылуға тыйым салынуының себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Сайран су қоймасын абаттандыру – биыл Алматы билігі қолға алған ең ауқымды әрі қымбат жобалардың бірі. Жобаның толық аяқталмағанына қарамастан, күн сайын мыңдаған алматылық бұл жерге серуендеуге келеді.

Жағажай аймақтарын жабдықтауға көп уақыт пен қаржы жұмсалған. Алайда қазір Сайранда шомылуға қатаң тыйым салынған. Бұл шешім маусым айында екі адамның суға батып кетуінен кейін қабылданған. Сонымен қатар, су сапасына да байланысты мәселе туындаған.

Әкімдік не дейді?

Алматы қаласы қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы Tengrinews.kz-тің ресми сұранысына берген жауабында Сайран су қоймасындағы судың сапасы санитарлық талаптарға сәйкес келмейтінін хабарлады.

"Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сайран көлінің суынан сынама алып, зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, су құрамының санитарлық-гигиеналық нормаларға сай келмейтіні анықталды. Осыған байланысты Сайран көлінде шомылуға тыйым салынды, жағажай аумағы жабылды", – деді басқармадағылар.


Сонымен қатар маусым айының соңында Сайранда екі адамның қаза табуынан кейін билік қауіпсіздік бойынша жұмыстар жүргізген. Су қоймасы жағалауына қоршаулар орнатылып, "Шомылуға тыйым салынады" деген ескерту белгілері қойылған.

Сондай-ақ, Алматы ТЖД және аудандық полициямен бірлесіп, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ереже бұзуға болмайтыны туралы ауызша ескертулер берілген.

Шілде айының соңында Tengrinews.kz тілшілері Сайранға барып, абаттандыру жұмыстарының барысын көрді. Алайда жұмыстардың әлі де аяқталмағаны байқалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети