Щучинсктегі дәмхана жарылды: қаза тапқандар саны 11-ге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Щучинсктегі дәмхана жарылды: қаза тапқандар саны 11-ге жетті Видео кадры

Ақмола облысында Щучинск қаласындағы "Центр плова" кафесінде болған жарылыстан зардап шеккен тағы екі адам көз жұмды. Бұл туралы дүйсенбі, 9 наурызда өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, дәрігерлер бар күшін салғанымен, науқастарды аман алып қалу мүмкін болмаған. Олардың жағдайы өте ауыр болған.

"8 наурызда зардап шеккендердің бірі "Авиценна-Бурабай" стационарының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Ал 9 наурызда Көкшетаудағы көпсалалы облыстық ауруханада ем алып жатқан науқас көз жұмды. Дәрігерлер басқа зардап шеккендердің өмірі үшін күресіп жатыр. Оларға барлық қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді облыстың бас дәрігері.

Еске салайық, төтенше жағдай 26 ақпанда кешкі уақытта болған. Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге тіркелген бір қабатты дәмханада газ ауа қоспасы жарылып, өрт шыққан. Бұған дейін оқиға салдарынан 7 адам қаза тапқаны, оның бірі 16 жастағы қыз екені хабарланды. Кейін қаза тапқандар саны тоғызға жетті.

"Центр плова" дәмханасы жарылған сәт видеоға түсіп қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети