Серік Сәпиев туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Серік Сәпиев туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі - жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының спорт бойынша үйлестірушісі болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік мәліметінше, бұл шешім былтыр күшіне енген "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңның жаңа редакциясында көзделген ротация аясында қабылданған.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!