Шабуыл жасады ма, әлде зардап шекті ме? СҚО-да спортшы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шабуыл жасады ма, әлде зардап шекті ме? СҚО-да спортшы ұсталды Видео кадры

Петропавлда клубта күзетші болып жұмыс істейтін боксшы бұзақылық үшін ұсталды. Ол ұсталу кезінде арнайы жасақ тарапынан қатыгездікпен соққыға жығылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда клубта күзетші болып жұмыс істейтін боксшы бұзақылық үшін ұсталды. Ол ұсталу кезінде арнайы жасақ тарапынан қатыгездікпен соққыға жығылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Палач" лақап атымен танымал спортшы әлеуметтік желіде видео жариялады. Ол 7 қарашада Заводская мен Әуезов көшелерінің қиылысында өзін полиция қызметкерлері мен арнайы жасақ ұстағанын, алайды не үшін ұсталғанын білмейтінін айтады.

"Ұстау барысында олар мені ұрып-соқты. Қызметтік автокөлікке тиеп, Петропавл қалалық полиция бөліміне жеткізгенше жолда да соққыға жықты", – дейді жігіт.

Оның айтуынша, әрі қарай соққыдан қорқып, полиция қызметкерлерінің қысымымен құжаттарға қол қойған. Сондай-ақ, ол денсаулығының нашарлағанын атап өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DAMIR "ПАЛАЧ" ALKESHEV (@alkeshev.damir)

Петропавлдағы ойын-сауық орындарының бірінде ол күзетші болып жұмыс істейтіні белгілі болды. Ресми мәлімет бойынша, оны келушіге шабуыл жасады деген күдікпен ұстаған.

"Әлеуметтік желілерде Петропавлдағы көңіл көтеру орнының күзетшісі полиция тарапынан соққыға жығылды деген видео тарады. Бұған дейін бұл мекемеде жанжал шыққаны туралы полицияға қоңырау түскен. Тексеру барысында видеоға сүйеніп, мекеме күзетшісі келушілердің біріне дене жарақатын салғаны анықталды", – деді СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев.

Оның айтуынша, бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, ұсталған.

"Ұстау кезінде ол қарсылық көрсетіп, полицияның заңды талаптарына бағынбаған", – деді ол.

Ресми мәлімет бойынша, күдікті қазір ауруханада. Сауығып шыққан соң уақытша ұстау изоляторына қамалады.

"Күдіктінің полиция қызметкерлері тарапынан заңбұзушылықтар болғаны туралы уәждері қызметтік тергеу аясында мұқият тексеріледі. Ойын-сауық мекемесіне құқықбұзушылықтарға ықпал ететін заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді", – деп қорытындылады СҚО ПД.

Полиция кез келген зорлық-зомбылық пен қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмейтінін және заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети