Шавкат Рахмонов UFC турнирінде Стивен Томпсонды екінші раундта жеңіп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шавкат Рахмонов UFC турнирінде Стивен Томпсонды екінші раундта жеңіп кетті Фото: Tengrinews.kz

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC 296 турнирінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC 296 турнирінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның қарсыласы америкалық Стивен Томпсон (17-7-1) болды.

Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінің басты картасындағы жекпе-жек 3 раундқа есептелген, бірақ 2- раундта аяқталды.

Осылайша, Шавкат Рахмонов Стивен Томпсонды тұншықтыру техникасымен бірінші болып жеңді.

"Ассалаумағалейкүм, Қазақстан! Мен осындай жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күні. Сондықтан қуаныштымын. Кішкене қобалжып тұрмын. Рақмет үлкен. Әрине, Wonerboy - өте мықты қарсылас. Мерзімінен бұрын жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Өзімді титулға белдесуге лайықтымын деп ойлаймын", - деді Шавкат Рахмонов жекпе-жектен кейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети