Шайдоров және басқа қазақстандықтар Олимпиада жүлделері үшін бақ сынайды: қайдан және қашан көруге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шайдоров және басқа қазақстандықтар Олимпиада жүлделері үшін бақ сынайды: қайдан және қашан көруге болады? ҰОК

13 ақпанда Қазақстан спортшылары Милан–Кортинадағы қысқы Олимпиадада үш спорт түрі бойынша жүлдеге таласады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


13 ақпанда Қазақстан спортшылары Милан–Кортинадағы қысқы Олимпиадада үш спорт түрі бойынша жүлдеге таласады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар арасынан алғашқы болып шаңғышылар жарысқа шығады: Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмақов жеке стартпен өтетін бәйгеде 15:45-те медаль үшін күреседі.

18:00-де биатлоншылар Владислав Киреев пен Әсет Дүйсейнов спринт жарысын бастайды. Владислав - бұл дисциплина бойынша Азия ойындарының қазіргі чемпионы.

Жарыстарды QazSport және Jibek Joly телеарналарынан көруге болады.

Михаил Шайдоровтың Олимпиададағы финалы: тікелей эфир

13-інен 14 ақпанға қараған түні ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан жеке жарыс аяқталады. Қазақстандық Михаил Шайдоров қысқа бағдарламадан кейін 5-орында тұр: үшінші орыннан 9,6 ұпайға, ал көшбасшыдан 15,2 ұпайға қалып келеді.

Соған қарамастан, сарапшылар Шайдоровтың медаль алу мүмкіндігін жоғары бағалайды, дегенмен жарыстың басты фавориті ретінде америкалық Илья Малининді аталған.

Ерлер арасындағы жеке сырғанау бойынша еркін бағдарлама Қазақстан уақытымен 23:00-де басталып, шамамен үш сағатқа созылады.

Мәнерлеп сырғанауды QazSport және Jibek Joly телеарналарынан көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
@tapeWidget()

Валюта бағамы

 494.51  course up  588.11  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети