Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров жол апатынан кейін жансақтау бөліміне түсті - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров жол апатынан кейін жансақтау бөліміне түсті - БАҚ RKadyrov_95

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 16 жастағы ұлы Адам Қадыров жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Кавказ.Реалии" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 16 жастағы ұлы Адам Қадыров жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Кавказ.Реалии" басылымына сілтеме жасап.

Ал NIYSO Telegram-арнасы мәліметінше, Қадыров жол апатына ұшыраған.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров Грозныйдағы Республикалық клиникалық ауруханаға жеткізілген, ол ауыр халде жатыр.

"Ауруханаға апаратын жолдар жабылды, себебі мұнда Адамды жеткізілді. Ол ес-түссіз, жансақтау бөлімінде жатыр", - деді Грозныйдағы сұхбаттастардың бірі.

Жол апаты

NIYSO-ның Telegram-арнасы мәліметінше, Қадыровтың кортежі жоғары жылдамдықпен, "бір көлік бірінің артынан" жүйткіп келе жатқанда, кенет кедергіге тап болған.

"Нәтижесінде көліктер бір-біріне соқтығыса бастады", - делінген хабарламада.

Арна дерегінше, жарақат алғандардың арасында Шешенстандағы тағы бір жоғары лауазымды тұлғаның ұлы болуы мүмкін, алайда оның аты-жөні аталмайды.

NIYSO аурухана маңындағы даңғыл жабылғанын, Грозныйға кіреберістерде көлік кептелісі пайда болғанын, артынша аурухана уақытша жабылғанын жазды. Сонымен қатар, жол апатында ауыр жарақат алғандар арасында Қадыровтың ұлын күзететін үш қызметкер бар екені айтылады.

Шешенстан билігі тарапынан бұл ақпаратқа қатысты әзірге ресми растаған жоқ.

Адам Қадыров туралы не белгілі?

Адам Қадыров 18 жаста, ол - Шешенстанның Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. 2025 жылғы сәуірде ол Шешен Республикасы бойынша ІІМ-ге куратор болып тағайындалған. Сондай-ақ, ол Путин атындағы Ресей арнайы мақсаттағы университетін, бұдан бөлек РФ Қорғаныс министрлігіне қарасты Шейх-Мансур және Байсангур Беноевский атындағы батальондарды да қадағалайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 512.07  course up  595.42  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети