Шетелден әкелінген көліктерді заңдастырудың аяқталуына екі апта қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелден әкелінген көліктерді заңдастырудың аяқталуына екі апта қалды Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда шетелдік автокөліктерді заңдастырудың аяқталуына екі апта қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда шетелдік автокөліктерді заңдастырудың аяқталуына екі апта қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16 маусымдағы жағдай бойынша 161 мың автокөлік заңдастырылды, тағы 13 мыңнан астамы тіркеуді күтіп отыр.

Сондай-ақ 22 мамырдан бастап 7 мыңға жуық автокөлік-конструктор қазақстандық есепке қойылды.

"Өздеріңіз білетіндей, заңдастыру аяқталғанға дейін екі апта қалды (1 шілдеге дейін). Көп азамат өз көліктерін заңдастыруға үлгермей қалуымыз мүмкін деген алаңдап жатыр. Осыған байланысты 1 шілдеге дейін өтінім берген Қазақстанның барлық азаматына көрсетілген мерзімнен кейін автокөліктертерді заңдастыру құқығы берілетінін хабарлағым келеді.

Бұдан басқа Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған және осы себепті заңдастырылмаған автокөліктерге келсек, аталған көлік иелеріне оларды Қазақстан Республикасында 5 жыл мерзімге уақытша есепке қою құқығы беріледі. 1 шілдеден бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады және заңдастыру мерзімі ұзартылмайтынын ескертеміз. Одан кейін шетелдік есепте тұрған автокөліктерді Қазақстан Республикасының заң талаптарын бұзып пайдалануды жалғастырған азаматтарға тиісті шаралар қабылданады", – деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети