Шетелдік азаматты 102 миллион теңгеге алдаған қылмыстық топ ұсталды

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелдік азаматты 102 миллион теңгеге алдаған қылмыстық топ ұсталды Polisia.kz

Ақмола облысының CyberPol бөлінісінің қызметкерлері Болгария азаматын 102 миллион теңгеге алдаған қылмыстық топтың мүшелерін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысының CyberPol бөлінісінің қызметкерлері Болгария азаматын 102 миллион теңгеге алдаған қылмыстық топтың мүшелерін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Шетелдік азамат мамыр-маусым айларында интернет-алаяқтардың құрбанына айналған. Қаскөйлер өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушіні ірі көлемдегі ақшаны бөгде адамдардың шотына аударуға көндірген.

Түскен арыз бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғап, цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Нәтижесінде қылмыстың екі ұйымдастырушысы анықталды. Олар Павлодар облысының тұрғындары. Сонымен қатар қылмыстық схеманың тағы төрт ықтимал қатысушысы белгілі болды.

Ұсталғандар Павлодар қаласында өткен "Контрафакт" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қолға түсті. Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілердің Көкшетау қаласы мен Қорғалжын ауданында болған екі ұқсас алаяқтық фактісіне де қатысы болуы мүмкін. Басқа жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Тінту барысында ұялы телефондар мен қаражаттың бір бөлігі тәркіленді. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети