Швейцария Трамп пен Путиннің кездесуін ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Швейцария Трамп пен Путиннің кездесуін ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді kremlin.ru

Швейцария АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуін қабылдауға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Le Temps" газетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Швейцария АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуін қабылдауға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Le Temps" газетіне сілтеме жасап.

Жарияланымда елдің СІМ өкілі Николас Бидо Швейцария билігі бұл мәселеде бастама көтергісі келмейтіні атап өтілген. Олар Путин мен Трамптың кездесуін "сұраса" ғана ұйымдастырады.

Бидоның айтуынша, 2024 жылдың маусымында өткен Бюргенштоктағы бейбітшілік саммитінен кейін Украина, Ресей және АҚШ Швейцария тарапынан "бейбітшілікті орнатудағы кез келген дипломатиялық күш-жігерді қолдауға дайын болу туралы" жүйелі түрде сұрайтын.

Еске салайық, жақында сайланған АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путин онымен кездесуге ниет білдіргенін айтты. Трамп екі көшбасшы арасындағы мүмкін келіссөздердің мерзімін атаған жоқ, бірақ кездесу ұйымдастырылатынын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети