Шығыс Қазақстан облысында шөп қоймасы өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында шөп қоймасы өртенді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында шөп қоймасы өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында шөп қоймасы өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 30 қыркүйекте Ұлан ауданы Сағыр ауылынан 17 шақырым жерде шаруа қожалығының аумағында орын алған. Салдарынан 100 орам көлемінде жиналған шөп өртенген. Облыстағы ТЖД Өрт сөндіру қызметі 180 тонна шөпті құтқарды. Зардап шеккендер жоқ.

Сонымен қатар, құтқарушылар шөпті сақтау ережелерін атап өтті.

"Ірі жемшөп орамдары электр желілеріне дейін кемінде 15 метр, жолға дейін 20 метр және ғимараттар мен құрылыстарға дейін 50 метр қашықтықта орналасуы керек. Үйінділерді, қазбаларды, ірі жемшөп орамдарын, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды сарайлар мен басқа да шаруашылық құрылыстардың шатырларында, электр беру желілерінің астында, учаскенің сыртқы қоршауынан 3 метрден кем қашықтықта жинауға болмайды. Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласыңыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети