Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке екінші ота жасалмақ

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке екінші ота жасалмақ Фото: instagram.com/ruslan_berdenov

Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Руслан Берденов Алматыдағы клиникалардың бірінде ем қабылдап жатыр. Берденовтің өкілі Жеңіс Тыныбек Tengrinews.kz тілшісіне хабарлағандай, Берденовке екінші ота 13 тамыз күні жоспарланған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Руслан Берденов Алматыдағы клиникалардың бірінде ем қабылдап жатыр. Берденовтің өкілі Жеңіс Тыныбек Tengrinews.kz тілшісіне хабарлағандай, Берденовке екінші ота 13 тамыз күні жоспарланған.

"Руслан Берденовке ертең ота жасалады. Ота барысында денесінде қалған атқыш қарудан шыққан оқ қалдықтары алынып тасталады", - деді Жеңіс Тыныбек.

Айта кетейік, 6 шілдеде Шымкентте басталған қастандық ісі бойынша өткен сот отырысына Руслан Берденов қатыспады. Дегенмен, оның өкілі сот талқылауларына дәрігерлердің қорытындысына байланысты кейінірек қатысуы мүмкін екенін айтты.

Сот басталған күні Руслан Берденов әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің денесінде әлі де 60-тан астам аңшылық қарудан шыққан оқ қалдығы бар екенін жариялап, осы себептен сотқа қатыса алмағанын түсіндірді.

"Қандай да бір спекуляциялар, манипуляциялар немесе жалған айыптаулар мені өз жолымнан тайдырмайды. Мен әлі де адал, ашық әрі әділ сотқа сенемін. Денемде әлі де 60-тан астам аңшылық қарудан шыққан оқ қалдығы бар. Бұл – құжатталған факт", – деп жазды Руслан Берденов және рентген суретін жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 21 сәуірде кешкі уақытта қала әкімдігі ғимаратының алдында Ернар Жиембай Руслан Берденовке оқ атты. Шенеунік жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Алғашқы ота шамамен 4 сағатқа созылды. Күдікті оқиға орнында ұсталды.

Жиембай Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 1-бөлігі ("Адам өлтіруге оқталу") бойынша айыпталуда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети