Шымкентте 63 медқызметкер қонақүйге орналастырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте 63 медқызметкер қонақүйге орналастырылды

Шымкенттің жұқпалы аурулар ауруханасының 63 медициналық қызметкері қалалық қонақүйлердің біріне орналастырылды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттің жұқпалы аурулар ауруханасының 63 медициналық қызметкері қалалық қонақүйлердің біріне орналастырылды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қауiптi аурумен тікелей күресетiн жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері ауысымнан кейін үйлерiне қайта алмай отыр. Көпжылдық жұмыс кезеңінде олар алғаш рет тез таралатын аурумен күрестi, ал оның салдары өте ауыр.

"Сондықтан біздің мамандарымызды қонақүйге орналастыру туралы шешім қабылданды. Қазір мұнда 63 дәрігер орналасты, резервте әлi 22 маманға орын бар. Олардың ауысымнан кейiн демалуына барлық жағдай жасалған 1, 2, 3 және 4 орынды бөлмелер жабдықталған. Ал, туыстарымен тек мессенджерлердiң көмегiмен байланыса алады. Сондай-ақ, тасымалдау көлiгi де ұйымдастырылды", - деп жазды әкім.

Сонымен қатар, 1290 медицина қызметкеріне үстеме ақы төленген. Бұл үстеме ақылар үш ай бойы төленеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мұрат Әйтенов (@murat__aitenov)

"Мен дәрiгерлерiмiзге күш-жігер беріп отырған отбасыларына ерекше алғысымды білдіремін. Бұл күндер де артта қалып, ақ халатты абзал жандарымыз жанұяларымен ертерек қауышады деген сенімдемін.
Осы ретте шымкенттіктерді карантин режимін қатаң сақтап, үйде қалуға тағы да шақырамын", - деп жазды Әйтенов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети